Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический
колледж

10/12/2019  Вторник
    8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Тәуелсіздік –біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Танымдық сағаттың мақсаты — жастарды Отанымызды сүюге, еліміздің ұлттық теңгемізді құрметтеуге уйрету.

«Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, сабақ барысында ОП – 17 тобының білімалушыларына төл теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат берілді. Сондай-ақ жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстырды.

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл (1989) толуына орай колледжіміздің № 1- 2 жатаханасында қаламыздың ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кешіміздің мақсаты: Оқырмандарға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беріп, қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекте табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсінік беру.

Кеш қонағы Семей полигонында әскер қатарында болғана ардагер Жансейітов Сағымбай Нұрханұлы мен Ардагерлер ұйымының төрағасы Жәнібек Ғапбасұлы білім алушыларға: «Семей сынақ полигоны - әлемдік қарулану бәсекесінің салдары. Жапонияда алғаш рет атом бомбасын жарған АҚШ-тың күштілігін мойындағысы келмеген КСРО өз бомбасын жасап, оны сынау үшін қазақ жерінде полигон ашады. 1991 жылы 29-тамызда еліміз үшін тарихи шешім қабылданды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл бойы ядролық сынақтар жүргізіп, қазаққа зор қасірет төндірген Семей полигоны жабылды. Бұл тәуелсіздіктің теңдесіз жеңісі...» - деп өз ойларын қорытындылады.Сонымен қатар тақырыпқа сай жасақталған кітап көрмесімен және білім алушылардың қолдан жасаған макеттерімен танысты. Содан соң білім алушылардың назарына «Семей полигонының зардаптары» атты видеоролик көрсетілді.

Дөңгелек столдың мақсаты: Ә. Қастеевтің өмір баяны, шығармашылығы туралы мәлімет беру. Оның бойындағы өнерді дамытуға себепкер болған қасиеттерге тоқталып, білім алушыларға өзін тәрбиелеуге бағыт беру.

Кеш барысында Ә.Қастеевтің өмір баяны мен мұражайы туралы бейне баяндар көрсетілді. Әбілхан Қастеев ағамызға арнаған ӘбжанТәжібевтың «Художник Кастиеев» пен Исламғали Үркімбайұлының "Қылқаламның атасы" өлеңдерін Ф-21 тобының білім алушылары мәнерлеп оқып берді.

Кештің мақсаты: Ақынның сан қилы тағдырына шолу жасай отырып, өлеңмен өрілген өнегелі өміріне терең бойлау арқылы жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу, ана тілі мен мәдениетін жете біліп,поэзияны қастерлеуге , ақын өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу.

Мағжан Жұмабаев қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Өмірлік жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп,Мағжан Жұмабаев өзінің қайсар мінезін көрсетті. Ақынның өмірде ұстанған ұраны, оның білімге, ғылымға, өнерге деген талпынысы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес.

Кеш барысында ақынның ұлтын, туған жерін жан жүрегімен елжірей сүйіп жазған өлеңдерін студенттер өз нақышына келтіре оқып берді. Оқырмандар назарына «Мен кім?», «Анама», «Қазақ тілі» , «Мен жастарға сенемін», «Түркістан», «Алдамшы өмір» , «Сағындым», «Туған жерім – Сасықкөл» , «Өмір» өлеңдерін Болатбай Мәдина, Сапарғали Тоғжан, Әділхан Ақару, Байқула Елжас, Дәулет Ұлжан, Кенжебек Айсұлу, Қабылдин Нұрсұлтан оқыса. «Батыр Баян жазылуы туралы естелік» деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Сонымен қатар М.Жұмабаев туралы айтылған пікірлерді бейнежазбадан тамашалады. Кеш соңында ОП-37 тобының студенті Өтеулі Ғасыржанның орындауында «Мен қазақ» патриоттық әнімен аяқталды.

Сәуір айының 13 күні «Алаш» партиясының 100 жылдығына орай «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» атты тарихи кездесу кеші өтті. Кешке Жанкелдин ауданының тұрғыны және зейнеткер Орекен Алматов және Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Алма Жақсылыққызы мен Зайра Сансызбайқызы шақырылды. Кештің басты мақсаты білім алушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Наурыз айының 10 күні Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 1-2 курстің білім алушыларына түсіндіріліп, талқыланды. Директордың тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары Гүлзада Байдрахманова мен МЗ-13 тобының білім алушылары Болатбай Мәдина, Жанайқызы Ақмоншақ және Кенжебек Айсұлу жолдау жөнінде өз ойларын айтты.

Ақпан айының 23 жұлдызында “Қазақтың аяулысы перизаты, Өшпейді ешқашанда Фариза аты!” атты ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын еске алу кеші өтті. Кештің негізгі мақсаты – мәңгілік болашақ ұрпаққа өшпейтін із қалдырған ақынның мұрасы, маржан поэзиясымен таныстыру, ақын өлеңдері және әндері арқылы әсемдікке, елжандылыққа, білім алушылардың ой-өрісін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. ОП-17, П-11, ПУ-23,МЗ-13, ЭМ-12 студенттері ақын жайлы жазылған естеліктер мен өлеңдерін оқып, Фариза апамыздың сөзіне жазылған әсем әндерін шырқады.

Ақпан айының 14 күні мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, поэзия сардары, «қалың елі қазағының» өлшеусіз махаббатына бөленген армансыз ақын, халқының қара өлеңін құдіретке айналдырған Мұқағали Мақатаевтың 86 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби – сазды кеш өткізілді. Кешке ТО-18, МЗ-13, П-11, ОП-27, ЭМ-02 топтарының білім алушылары мен топ шеберлері Бөлтірікова Гүлжаухар, Смайлова Жанат және көрермендерден Хабай Темірұлан Сейсенбайұлы, Қалдарбек Мадияр қатынасты. Кеш өте мағыналы, әсерлі өтті. Ақынның өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырылды. Қатынасушылар өз өнерлерін көрсетті.

Желтоқсан айының 15 жұлдызында “Тәуелсіздік - тұғырым” атты 16 – желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиында “Ар – намысым, Қасіретім, Қуанышым – желтоқсан” тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Қыркүйек айының 21 жұлдызында кітапханада “Тіл – ұлттың жаны” атты тіл күніне байланысты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Колледж студенттерімен әңгіме – пікірлесу өтті. Егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің арқасында халқымыз туған тілімен қайта қауышты. Студенттер А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатұлының шығармалары мен өлең жинақтарымен жан-жақты танысып мәліметтер алды. Тіл – біздің тұтастығымыз, тіл тағдыры – ел тағдыры. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс.