Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический
колледж

10/12/2019  Вторник
    8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық политехникалық колледжінде 20 мамыр күні «Жастар жылы» аясында «Жас маманның жеңісі- тәлімгердің жемісі» тақырыбында «Жас маман – 2019» колледж ішілік байқауы болып өтті.

Байқау мақсаты:

Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.

Байқауға колледжіміздің 5 жас мамандар қатысты.

1 Сейдалы Қаракөз Аманқызы– арнайы пәндер оқытушысы

2. Ахмет Тогжан Максутжановна – Өндірістік оқыту шебері.

3. Жармағанбетов Мақсұт Ерұланұлы– информатика пәні оқытушысы.

4. Қалжанов Нурсултан Атшабарович - Өндірістік оқыту шебері.

5. Байгиреев Серік Ғаймоллаұлы– арнайы пәндер оқытушысы.

«Жас маман – 2019» байқауы 4 кезеңнен тұрады.

I кезең. Визитка. Мен және менің педагогикалық қызметім, ұстанымым. (5 мин).Бұл кезеңде байқауға қатысушылар өздерін таныстырып, педагогикалық ұстанымына тоқталып, электронды портфолиосын көрсету. Берілген уақыт – 5 минут. Ең жоғары ұпай саны – 5.

II кезең.II кезең. Сабақ панорамасы. Бұл кезеңде сайыскерлер өзінің сабағының бір кезеңін тәлімгермен көрсетуі шарт. Берілген уақыты – 10 минут. Ең жоғары ұпай саны – 5.

III кезең. Сергіту сәті.(7 минут) Ұстаздар отырған көрермен қауыммен ойын ойнау арқылы сергіту сәтін өткізеді. Ұстаздың белсенділігі, шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті басты назарға алынады

ІV кезең. “Өнердің өрі таланттың төрі”(Өз өнерін көрсету 5 мин)

Байқау қорытындысы бойынша

1 орынды Сейдалы Қаракөз Аманқызы иеленді;

2 орынды Ахмет Тогжан Максутжановна иеленді;

3 орынды Қалжанов Нурсултан Атшабарович иеленді;

Ізденімпаз оқытушы номинациясына Байгиреев Серік Ғаймоллаұлы иеленді;

Жаңашыл оқытушы номинациясына Жармағанбетов Мақсұт Ерұланұлы иеленді.

Сейдалы Қаракөз Аманқызы 1 орын иегері

Ахмет Тогжан Максутжановна 2 орын иегері

Қалжанов Нурсултан Атшабарович 3 орын иегері

Жармағанбетов Мақсұт Ерұланұлы Жаңашыл оқытушы номинация иегері

Байгиреев Серік Ғаймоллаұлы Ізденімпаз оқытушы номинация иегері

Колледж директоры Оспанов Аскар Сабитбекұлы жас мамандарды марапаттау сәті