Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический
колледж

10/12/2019  Вторник
    8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Аркалык политехникалық колледжінің жатақханасы 2006 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жатақхана ғимараты жалпы 272 орынға арналған. Жатақхананың әр бөлмесінде, екі және төрт студенттен тұратын бөлмелер қарастырылған. Жатақхананың бірінші қабатында жатақхана меңгерушісінің кабинеті, дәргерлік бөлме, мәжіліс залы 2 жуынатын бөлме (душ) бөлмесі, кір жуатын бөлме, орналасқан. Жатақхананың әр қабатында ас дайындайтын бөлме, кір жуатын бөлмелер және теледидар тамашалауға арналған демалыс залы, оқу залы , тәрбиеші бөлмелері орналастырылған.

Жуырда Арқалық Политехникалық колледжі жатақханасында 5-қабатттың «Алтын кітап» ашылу мерекесі болып өтті. Бұл кітаптың ашылу салтанатына   колледждің құрметті зейнеткері Байшева Раушан Капенқызы, тәрбие меңгерушісі Сейткалиева  Г.Б., жатақхана меңгерушісі Ауезов Ж.Ш.және Хамзина С. М., Абдрахманова С.Ж.,  сияқты қонақтар шақырылып, бұрынғы колледж бітіріп кеткен түлектер мен осы кезде білім алып жатқан студент жастар жарқын сәтке куәгер болды. Алтын кітаптың лентасын қию осы концертке арнайы Астана қаласынан келген құрметті зейнеткер Раушан Капенқызына ұсынылды. Оған себеп бұл колледждің тарихымен жақсы таныс кісі өткен тарих туралы қазіргі болашаққа сыр шертті, барлау жасай отырып бағыт-бағдар берді, салмақты ой тастады. Ең алдымен 2006 жылы Кәсіптік мектеп болып ашылған оқу орны 3 жылдан соң №2 Кәсіптік мектеп болды, ал содан кейін Арқалық Политехникалық колледжі мәртебесіне көтерілді.Келешекте бұдан да зор мәртебеге ие болып, Политехникалық институт болсын деп жүрек жарды тілегін білдірді.