Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический
колледж

10/12/2019  Вторник
    8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық құрылымы

Каржауова Гульженис Касимхановна

Әдіскер, еңбек өтілі - 17 жыл. Білімі - жоғары, Ы.Алтынсарин атындағы Аркалық педагогикалық институты, 1993жыл. Биология - химия пәнінің І санатты оқытушысы.

Жиенбаева Самал Аскаровна

Директордың оқу әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, еңбек өтілі - 13 жыл. Білімі – жоғары, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, 2005 жыл. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің І санатты оқытушысы.

 

Оқу - әдістемелік жұмыс жөніндегі ереже

Оқу- әдістемелік жұмыс жөніндегі ережелерді жұмыс топтары (тәрбиелі педагогтар, директордың оқу, әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер қатарынан), білім беру ұйымы «Білім туралы» ҚР Заңы; Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілген «оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары»; 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №644 бұйрығымен бекітілген «Әдістемелік ( оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметінің үлгілік ережелері және оны сайлау тәртібі»; 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамалары» негізінде және сәйкес әзірлеуі мүмкін.

Әзірленген Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі ережелер оқу- әдістемелік кеңестің отырысында қаралады және білім беру ұйымының директоры бекітеді.

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі ережелер оқу-әдістемелік қызметі, топтамалық әдістемелік комиссиялардың төрағалары, колледждер оқытушыларына қолдануға арналған.

Әдістемелік қызмет:

• оқу әдістемелік кеңес;

• топтамалық (пәндік) әдістемелік комиссиялар;

• жас педагог мектебі;

• педагогикалық шеберлік мектебі;

• педагогикалық шығармашылық шеберханаларынан тұрады.

Оқу-әдістемелік кеңес - өз қызметін білім беру ұйымындағы Оқу әдістемелік кеңес туралы ереже негізінде жүзеге асыратын алқалық, консультативтік-әдістемелік орган (білім беру ұйымы директорының бұйрығымен бекітіледі).

Жас педагог мектебі:

• Жас педагог мектебі туралы ереженің негізінде әрекет етеді (білім беру ұйымы директорының бұйрығымен бекітіледі)

• Жас педагог мектебінің басшысы білім беру ұйымының әдіскері болуы мүмкін немесе аттестаттаудан өткен тәжірибелі педагогтар құрамынан тағайындалуы мүмкін;

• Жас педагог мектебі басшысының кандидатурасы оқу-әдістемелік кеңесте қаралады және директор бекітеді;

• Жас педагог мектебінің жұмыс жоспары оқу-әдістемелік кеңесте қаралады және білім беру ұйымының директоры бекітеді.

Оқу-әдістемелік кеңес

Мақсаты: оқу үдерісінің, педагогикалық ұжымының әдістемелік және кәсіптік қызметін басқару және үйлестіруді қамтамасыз ету.

Міндеттері:

• Білім беру ұйымының оқу және әдістемелік жұмысының келешек бағыттарын әзірлеу.

• Оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру.

• Тиімді сапа менеджментінің жүйесін құрау арқылы білім беру үдерісінің нәтижелігін қадағалау.

• Оқытушылардың шығармашылық қалыптасуы үшін жағдайлар жасау.

• Колледжде қолданыстағы технологиялар, әдістер, оқыту құралдарын енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.

• Озық педагогикалық тәжірибені насихаттау және оны оқу үдерісіне енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

• Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және атестаттау жүйесін ұйымдастыру.

 

 

Жас педагогтармен жұмыс құрылымы

Жас педагогтармен жұмыс нысандары

• Жас оқытушылардың бейімделуіне себепші болатын жағдайлар жасау, педагог-тәлімгерлерді бекіту.

• Әдістемелік көмек көрсету: дөңгелек үстелдер, оқу-әдістемелік мәселелер бойынша семинарлар, пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар.

• Біліктілікті арттыру курстары.

• Жас оқытушының сабағына кіру, оны кейіннен талдау.

• Сауалнама жүргізу арқылы жас оқытушының жетімтілігін диагностикалау.

 

Педагогикалық шеберлік мектебі

Мақсаты: Педагогикалық кадрлардың педагогикалық және кәсіптік деңгейін арттыру.

Міндеттері:

• Педагогикалық тәжірибені жалпылау және насихаттау.

• Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

• Педагогикалық ұжымды инновациялық қызметке дайындау.

Шығармашылық топтар

Мақсаты: Білім беру үдерісіне педагогикалық және инновациялық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу бойынша жұмыс.

Міндеттері:

• Педагогикалық және инновициялық заманауи технологияларды зерделеу.

• Педагогикалық практикалық қызметінде инновацияларды іске асыру.

• Білім үдерісіне заманауи технологияларды енгізу бойынша қызметтің нәтижелерін сипаттау және ресімдеу.

Оқу-әдістемелік жұмыстың нысандары

Бұқаралық

Жеке

• Оқу-әдістемелік кеңестер

• Топтамалық (пәндік) әдістемелік комиссиялар

• Педагогикалық оқулар

• Жас педагог мектебі

• Педагогикалық шеберлік мектебі

• Шығармашылық шеберханалар

• Ғылыми-практикалық конференциялар

• Семинар-практикумдар, дөңгелек үстелдер

• Әдістемелік әзірлемелер, құралдар, ОӘК конкурстары

• Кәсіптік шеберлік конкурстары

• Педагогикалық идеялар фестивалі

• Әдістемелік көрмелер бюллетеньдер

• Жаңа бастаған оқытушылармен жұмыс

• Тәлімгерлік

• Оқытушылардың өз бетімен білім алу тақырыптарымен жұмыс істеуі

• Жеке консультациялар, әңгімелесулер

• Инновациялық әдістерді іске асыру

• Ашық сабақстар және сабақстан тыс іс-шаралар өткізу

• Біліктілікті арттыру курстары

• Дидиактикалық материалды жүйелендіру

• Әдістемелік әзірлемелерді,құралдарды рецензиялау

• Шағын топтардың жұмыс және есептері.

• Өзара оқу сабақтарына кіру